11 ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылыған арналған “Жырлайды жүрек” атты әдеби кеш өтті)

11 ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылыған арналған “Жырлайды жүрек” атты әдеби кеш өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу, ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, өлеңдерін мәнерлеп оқып оқырман назарына ұсыну болатын.
Әдеби кешті әдемі ән мен үкілі домбырамен ашып, Ақынның өмірі мен шығармасынан бейне жазба арқылы шолу жасалды. Оқушылар Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқып, “Сенің көзің түпсіз терең” әні қара домбырамен шырқалып, “Бақыт деген” әнімен кеш өз мәресіне жетті. Қорытынды сөз кезегі бірлестік жетекшісі: Кенесова Л.О беріліп, белсенділік танытқан оқушылар Алғыс хатпен марапатталды.
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Үсенғали А.Ө.

#қазақтіліменәдебиеті
#апталық
#мұқағали