🔰Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінің)

🔰Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі, шеберхана жетекшісі Дания Алтоновна Тлеуованың “Математика сабақтарында PISA халықаралық зерттеу бағдарламасын қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту” тақырыбындағы шығармашылық шеберханасының кезекті отырысы өткізілді.

📌Мақсаты: Жаңартылған білім беру аясында математика пәндерінен оқушыларды пиза зерттеулеріне тиімді даярлау. Жаңаша оқыту технологиялары негізінде PISA халықаралық зерттеу әдістерін пайдаланып, жан-жақты жұмыстана алатын, зерттеушілік қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

🔹Шеберхана отырысы мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қ.Щ.Еспаганбетованың кіріспе сөзімен басталды.

🖇Одан әрі төмендегідей жоспарда шеберхана мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісті:
— “PISA тапсырмаларының ерекшеліктері” шеберхана жетекшісі, математика пәні мұғалімі Д.А.Тлеуова
— “Математикадан практикалық тапсырмалардың өмірмен
байланысы” Келимбергенова Айнур Жумабаевна — Мұғалжар ауданы, №5 Қандыағаш қалалық ЖББОМ Снабек Амандык Ақылбекұлы — Шалқар ауданы, М.Орынбасаров атындағы НОМ; -“Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру
жолдары” Сеитова Ботакоз Ермухамбетовна — Мəртөк ауданы, Мəртөк мектеп гимназиясы;
— “PISA тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың ойлау көкжиегін кеңейту” Коптлеуова Майра Муратовна — Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖОББМ;
— Кері байланысты «Answergarden» платформасы арқылы шеберхана жетекшісі Тлеуова Дания Алтоновна жасады.

☑️Отырысқа облыс көлемінде топтастырылған шеберхана мүшелері, математика пәні мұғалімдері қатысты. Отырыс соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушылар мен мектеп ұжымына жылы лебіздерін білдірді.