📚Компьютерлік технологияларды қолдану сапалы жаңа білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге әкеледі, басқару процесін тездетеді және тұтастай алғанда оның тиімділігін арттырады.)

📚Компьютерлік технологияларды қолдану сапалы жаңа білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге әкеледі, басқару процесін тездетеді және тұтастай алғанда оның тиімділігін арттырады.

📖Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалының жоспарына сай 2020-2023 ж.ж. аралығында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру және дамыту» тақырыбындағы эксперименттік алаң өз жұмысын жүргізіп келеді.

✒️Зерттеудің мақсаты: білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде білім берудің тиімділігін, қолжетімділігін және сапасын арттыруды қамтамасыз ететін тұтас ақпараттық білім беру кеңістігін құру.

📝Эксперименттік алаң жұмысына Ұ. Құлымбетов атындағы №64 ОМ, І.Есенберлин атындағы №15 ОМ, №61 орта мектеп, Ә. Ермеков атындағы №23 ОМЛ және «Ақбөбек» мектебі тартылды. Осы жылдар аралығында оқу үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде тұтас ақпараттық білім беру кеңістігін құруда эксперименттік алаңдарда зерттеу тұжырымдамасы негізінде жүйелі жұмыстар жүргізілді.

📖Эксперимент жұмысын қорытындылау мақсатында 31 наурыз күні жоспарға сәйкес «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру және дамыту» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

📝Конференция бағдарламасы бойынша пленарлық мәжілісте филиал директоры, ф.ғ.к. Нұргүл Абишева, эксперименттік алаңның ғылыми жетекшісі, кафедра меңгерушісі п.ғ.к. Елизавета Давлеткалиева, эксперименттік алаңның координаторы, кафедра аға оқытушысы, т.ғ.м. Бәдігүл Асанбай сөз сөйледі. Сонымен қатар эксперименттік алаң жетекшілері мен экспериментке қатысушы педагогтер — А.С.Абдигалиева, А.Ж.Бисембаева, А.Б.Амирина, Г.К.Шраева, Л.Е.Мукашева, А.А.Оспановалар эксперимент жұмысының қорытындысымен таныстырып, бейнероликтер көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Эксперимент жұмыстарының нәтижесінде экспериментке қатысушы мектеп басшылары, жетекшілері, қатысушы педагогтер құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталды.