«Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ)

Тажбанов Серик Маратович — әлеуметтік педагог

тел. 8 7132 41-64-80, 8 702 324-06-75

       Әлеуметтік педагогтің жұмысы осы мақсаттар бойынша жүргізіледі:

  • оқушылар мен ата-аналардың нақты әлеуметтік жағдайын анықтау;
  • зерттеулер нәтижесінде анықталған жағдайлар бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу;
  • жетім, жартылай жетім және қамқорлықтағы балаларға жанжақты көмек көрсету, олардың құқығын қорғау;

   сонымен қатар психологпен, медбикемен, пән мұғалімдермен және ата-аналармен бірлесіп жұмыс атқару.

        Кластарда зерттеу жұмыстары жүргізіледі, соның қорытындысы бойынша мектептің әлеуметтік төлқұжаты жасалады.

Жоспар бойынша мектептің әлеуметтік жағдайы зерттеліп, тізімдер жасалады. Мектептегі аз қамтылған, көп балалы, жетім, жартылай жетім және әлеуметтік жағдайы төмен жанұялар анықталады.

        Осыған орай барлығы зерттеліп жұмыстын төмендегідей мақсат пен міндеттері және әдісі мен формасы айқындалады.

Мақсаты: ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтау.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және балалармен жүргізілетін жұмыстың формасын, олардың еңбекке орналасуын, қажетті көмекті ұйымдастыру.

Міндеті:

-Жас ерекшелігінің әр-бір кезеңіне байланысты баланың жеке дамуына кешенді ықпал ету;

-өзара қарым-қатынаста, оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету;

-оқушы отбасының тәрбие жағдайын зерттеу;

баланың жеке дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу және болдырмау.

— балаларға қажетті көмек көрсету, жасөспірімнің тұрмыстық жағдайын және тәрбиесін бақылау;

— ата-аналардан, басқа азаматтардан балалар құқын қорғау және тәрбиелеуге байланысты сұрақтармен отбасына қатынау;

-асырап алушыны, қамқорлыққа алушыны, патронатыққа ниет білдіретіндерді анықтау;

-балалардың тізімін жасау, олардың тәрбиеленуіне, оқытылуына, денсаулық жағдайына, материалдық тұрмыстық жағдайына, мүлкінің сақталуына бақылау жасау.

Жұмыстың әдісі мен формасы:

-Оқушылардың  демалысы мен оқу-тәрбие процесінің режиміне бақылау жасау;

бақылау, байқау, пікірлесу, тестілеу, анкета жүргізу, іскерлік ойындар,

балалар шығармашылығын пайдалану, ата-аналарға арналған лекторилер,

сынып жетекшілерге арналған лекторилер, оқушыларға арналған лекторилер;

ІІБ мен және аурухана қызметкерлерімен кездесу, отбасымен тығыз байланыс жасау.

Күтілетін нәтиже:

-Балалардың қоршаған ортаға, яғни сыныпқа, балалар ортасында оң көзқарасын қалыптастыру;

-тұлғаның қоғам өміріне тиімді кірігуіне, Отанды сүю, қоршаған табиғи ортаны аялауына және азаматтыққа тәрбиелеу;

-қоршаған әлемнің теріс ықпалдарына төтеп тұра алу және одан шығу жолын таба алуды білу;

-оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою;

-салауатты өмір салтына оңды көзкарасты қалыптастыру;

-отбасымен бірігіп тұлғаның дамуы мен тәрбиеленуіне ықпал жасау.