«Ұшқыр ой алаңы»)

📍Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінде 28 сәуір күні «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубының жетекшісі С.Б.Алғашбаева, дебат клубының жылдық жоспарына сәйкес клуб мүшелерімен, соның ішінде 10-11 сыныптың «Достық» , «Болашақ» командаларынан құралған «Ядролық қарусыз әлем!» тақырыбында тарысты дебат турнирін өткізді.

📍Мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету. Өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру.

📍Дебат өз деңгейінде тартысты өтті. Әр тарап өз позициясын ұтымды ой, ұсыныстармен қорғап шықты. Ойын нәтижесінде «Болашақ» командасы жеңіске жетті. Сөз соңын дебат клубының жетекшісі С.Б.Алғашбаева «Бесіктегі сәбиден, қарт қарияға дейін өз ана тілімізде сөйлеп, тіліміздің қадірін білсек, еліміздің болашағы кемел болатынына сенімдімін!»,-деп қорытындылады.