Іскерлік психологиялық ойындар мен Арт терапия)

Тақырыбы: “Іскерлік психологиялық ойындар мен Арт терапия”.
Мақсаты: оқушылардың іскерлік қабілеттерін арттырып, бір-бірімен жақсы қарым — қатынас орнатып, жақсы көңіл-күй сыйлау.
Жүргізілген уақыты: 25.04.2023ж.
Класы: 11 «А» класс
Қатысқан білім алушы: 20
Мектеп психологы: К.Б.Еспагамбетова оқушыларға іскерлік ойынның нұсқаулығымен таныстырды. Арт терапия мен баланың қияли әлемін суреттеп салып әңгімелеу тапсырылды.
Нұсқасы: Оқушыларға стресс деңгейін төмендетуге бағытталған шағын диагностика жасап сергітіп алды. Одан кейін іскерлік психологиялық ойын “Кемедегінің жаны бір” тақырыбында тапсырма берілді. Ол жерде кеме капитанын таңдау керек, сол капитан кемедегілерді 10 минутта құтқару керек өзіне қажетті 10 заттың ішінен таңдап алып адамдарды құтқару. 3 топқа осы тапсырма тапсырылды. Оқушылар өз арасында талқылап капитан команданы таңдап қорғап шықтты.
Келесі жаттығу Арт терапия 3 топқа газет таратылады, сол газет бетіне өздерінің қиялдағы бинелеріне бейнелеп газетті әдемі қылып безендірді. Оқушыларға арт терапия өте қызықты болды көңіл-күйі көтеріліп қызығушылықпен сурет салып өздерінің шығармашылығын дамытты.
3 топтың команда капитаны шығып салған суреттерін қорғап бір-бірімен пікір алысты. Тренинг соңында өз эмоцияларымен бөлісіп бір-бірлеріне РАХМЕТ айтты.
Ұсыныстар:
1.Жыл бойы оқушылармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу
2.Оқушылардың достық қарым -қатынастарын арттыру.