Көркем очерктің майталманы)

Ұ.Құлымбетов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің кітапханасында Ғ.Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай «Көркем очерктің майталманы» атты 6 г класымен әдеби кеші өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Ғабит өмірінен шолу жасау, шығармашылығын талдау, білімдерін кеңейту, көркем оқу шеберлігін, тілін, ой — өрісін дамыту.
Әдеби теориялық ұғымдарын тереңдете меңгерту, қорытынды ой түюге үйрету, адамгершілікке, бауырмалдыққа баулу, достыққа, ұйымшылдыққа , мейірімділікке тәрбиелеу.