«Геолог» мәдениет Үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы)

«Геолог» мәдениет Үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» тармағы аясында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған IX «Жырлайды жүрек» поэзия байқауы болып өтті.
Мектебімізден қатысқан 4 «Ә» класс оқушылары
Қуынышбай Айназ 2 орын, Аманжол Диас 3 орын, Сабыр Дәулетбек 3 орын иеленіп қайтты. Байқауға дайындап жетекшілік еткен Айгуль Ганиевнаға да Алғыс хат табыс етілді.