Бүгін Ақтөбе қаласы, Астана ауданына қарасты Тәуелсіздік даңғылы 4 «А» мекен-жайында орналасқан Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебі)

Бүгін Ақтөбе қаласы, Астана ауданына қарасты Тәуелсіздік даңғылы 4 «А» мекен-жайында орналасқан Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебі алаңында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Желдібайұлы Құлымбетовтің ескерткішіне «Ерлікке тағзым» шарасы аясында гүл шоқтарын қою рәсімі өттіп, қайраткердің рухына тағзым етілді.

    Шараға Ұзақбай Құлымбетовтің туыстары және Алаш үшін еңбек етіп жүрген жанашырлар қатысты. Ұзақбай Желдібайұлының ескерткіші туралы ақпарат беріліп, қызықты деректері айтылып, оқушылар алаш қайраткерлерінің өлең жолдарын оқып, руханиятты байытарлық дүниелер айтылды. Желдібайұлы Ұзақбай Құлымбетовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. 

     Ұзақбай Құлымбетов Қазақ Кеңес республикасын құрушылардың бірі болып, оның аяққа тұруы жолында орасан зор еңбек етті. Ол еңбек жолын мұғалімдік қызметтен бастап, өлкелік атқару комитетінің төрағасы болды. Өзінің ұлттық мүддесін жоғары қойған азаматқа «халық жауы» деген жалған айып тағылып, 1938 жылы ату жазасына кесілді. Қысқа ғұмыр сүрсе де, артында өшпестей із қалдырды. Қазіргі ұрпақ Ұзақбай Құлымбетовтің сіңірген еңбегін ұмытпауымыз керек.

       Ескерткішті 2017 жылы Ұзақбай Құлымбетовтің ұрпақтары орнатқан. Қоладан құйылған мүсін Алматы қаласынан әкелінген. Жалпы биіктігі — 3 жарым метр. Авторы — белгілі мүсінші Ескен Серкебаев. Бұл ескерткіш 1937-1938 жылдары жазықсыз өмірден өткен қайраткерлерге тағзым жасайтын қасиетті, киелі орынға айналмақ. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетовтың есімі 2019 жылы13 мамыр күні №273 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес заңды атауы мектепке берілді.  

      Ұлтын сүйген арыстарымыздың кінәсі болмаса да, оларды «ұлтшыл» деп танып, ату жазасы берілді. Бүгінде барлық шындық ақталды. Келешекте осы білім ордасынан мемлекеттің тұтқасын ұстайтын білімді азаматтар шығарына сенеміз. 

      Тәуелсіздік жолында жанын қиған азаматтарды болашақ жастарды тәрбиелеу үшін әр кез еске алып, еңбектерін жаңғыртып, халыққа насихаттауымыз қажет.