Ақмола облысы, Шортанды қаласында өткен «Зерде» ғылыми зерттеу жобалар конкурсының Республикалық кезеңі бойынша, мектебіміздің дарынды оқушылары Құрманғали Даниял, Бақтыбаев Нурали «Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы» мобильді қосымшасын құру» тақырыбында ғылыми жоба қорғады.)

Ақмола облысы, Шортанды қаласында өткен «Зерде» ғылыми зерттеу жобалар конкурсының Республикалық кезеңі бойынша, мектебіміздің дарынды оқушылары Құрманғали Даниял, Бақтыбаев Нурали «Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы» мобильді қосымшасын құру» тақырыбында ғылыми жоба қорғады. Сайыс нәтижесі бойынша оң бағасы беріліп және ұсыныстар жасалынды.
Жоба жетекшісі: Ұ.Құлымбетов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Медеуов Ербол Куанышбаевич
Жоба мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын дүйім жұртқа заманауи түрде, мобильді қосымша кейіпінде жеткізу және бүкіл әлемдік PlayMarket сервисінде қазақша қосымшаларды көбейтуге үлес қосу.
«Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы» мобильді қосымшасын жүктеу: https://play.google.com/store/apps/details?id=com.ahmeta.ebook