Ағылшын тілін оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдану)

«Ағылшын тілін оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған облыстық шебер-кластың алғашқы отырысы өтті. 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері А.Аскербекова және 

Ұ.Құлымбетов атындағы №64ЖББОМ директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қ.Еспаганбетова сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Шебер-класс жетекшісі Л.Таймаганбетова «New information technologies in the educational process» тақырыбында шебер-класс көрсетсе, Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімдері И.Исмурзина, Г.Таханова, Ж.Каримова ағылшын тілін оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдануда өз тәжірбиелерімен бөлісті. 

Педагог-психолог К.Еспагамбетова ойын элементтерін пайдаланып психологиялық қолдау көрсету бойынша тренинг өткізді. Шебер-класс қатысушылары практикалық тапсырмалар орындады.