ХАБАРЛАНДЫРУ!

« Ұ.Құлымбетов атындағы №68 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ қамқоршылық кеңес құрамына  өзгерістер және  толықтырулар енгізуге  байланысты  ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.

ШАҚЫРЫЛАДЫ

 Қамқоршылық кеңестің құрамына:

  • осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;
  • педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
  • жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
  •  үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
  •  қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
  •   бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
  •   оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.

Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

  • өтініш (еркін түрде);
  • үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  • білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

      Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

Ұсынымдарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 28 қыркүйекке дейін

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Тәуелсіздік көшесі 4А. 

Байланыс телефоны: 8(7132)45-84-50