Бір ел – бір кітап

«Бір ел – бір кітап» жобасы аясында Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Балалыққа саяхат жасаған қаламгер» атты әдеби кеш өткізілді. 

Шара қонақтары қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Д.Б.Мұханбедиярова мен К.О.Шугурова балалар әдебиеті сынды балғын әлемнің тереңіне бойлап, оқырмандарын жақсылыққа қайрай білген жалынды жазушының өмірі мен шынайы шығармаларына терең тоқталды.

Ұ.Құлымбетов атындағы №64 орта мектептің 6 класс оқушылары жазушының «Менің атым Қожа» шығармасынан сахналық қойылым көрсетіп, қазақ баласының еркін ойлы, креативті бала екендігін жеткізді. 

Оқырмандар назарына «Шынайы азамат, шыншыл жазушы» атты кітап көрмесі ұсынылды.