Мектебім-мейірім мекені!

«Мектебім-мейірім мекені!» тақырыбы аясында мектебіміздің ата-аналары жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу бағытында мектепішілік жиналысқа ұлттық киіммен келді.

Ұлттық дәстүр — тәрбиенің қайнар көзі. Ұлттық тәрбие  өркениетті қоғам құрудың негізгі құралы. 

Жарқын болашағымыздың иелерін әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне,  цифрлық дәуір ерекшеліктеріне сүйене отырып, «Дәстүр мен ғұрып» жобасын енгізудің мәні зор. Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті,  ұлтты қодты сақтау үшін қазақ халқының мәдени мұраларын,  салт-дәстүрін зерделеу өзекті. 

Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана сөздер десек, біз соларды насихаттайтын жүргізушіміз. “Мәңгілік Ел” болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек. Себебі ұлттық құндылық – ұлттың тірегі.