30 қазан мен 3 қараша аралығында Тараз қаласында 2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан Қазақстан біріншілігі өтті.

Жалпы саны 20 команда қатысқан чемпионатта “Ақтөбе 2013” командасы қарсыластарынан басым түсіп, 1 орынды иеленді. Бас бапкер Данияр Ахмедиярдың командасы алтын алқа және Кубокпен марапатталды. Команда мүшесі, мектебіміздің 3 “г” класс оқушысы Даниал Сәрсенбай Чемпионаттың “үздік ойыншысы” атағын иеленді. Өткен жексенбіде Ақтөбе орталық стадионында матч барысында жас жеткіншегімізді “Ақтөбе” футбол клубы басқармасының төрағасы Ерлан Жамантаев ресми түрде марапаттады.