Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінде мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында мектептің 128 ұстазы мен 1-11 кластардың 1829 оқушысы «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазылды

Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінде мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында мектептің 128 ұстазы мен 1-11 кластардың 1829 оқушысы «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазылды. Диктант республика бойынша 2023 жылғы 4 мамырда сағат 10.00-де ұйымдастырылды.

Диктантты өткізуге негіздеме: 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмалары орындалды.

Мақсаты:

Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеттері:

Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.