Қыз бала тәрбиесіне көңіл бөлу мақсатында мектеп психологтары психологиялық кеңес ұсынады.Тақырыбы: Қыздарға арналған психологиялық кеңес
Қыз бала тәрбиесіне көңіл бөлу мақсатында мектеп психологтары психологиялық кеңес ұсынады.
Тақырыбы: Қыздарға арналған психологиялық кеңес
«Қыз тәрбиелей отырып-ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. «Қызым үйде, қылығы түзде» дейді екен бұрынғылар.
Қыздарға арналған 40 кеңес
1) Өз-өзіңізді жақсы көріңіз. Сонда өмір сүру әлдеқайда жеңіл болады.
2) 2.Бірге жүрген қыздардың бәрі әрқашан қасыңыздан табыла бермейтінін ұмытпаңыз.
3) Әдемі әрі сауатты сөйлеп үйреніңіз, ол сізге өмірде міндетті түрде көмектеседі.
4) 4. “Жоқ” деп айтудан қорықпаңыз, оның да пайдасы бар.
5) 5. Жақсы сөз – жарым ырыс екенін естен шығармаңыз. Оны айтып та, қабылдап та үйреніңіз.
6) 6. Өзгелердің де, өзіңіздің де алдыңызда адал болыңыз..
7) 7. Күніне бір рет болса да айналаңыздағы адамдарға жақсылық жасауға тырысыңыз.
8) 8. Тәрбиелі жанұядан шыққаныңызды көрсетіңіз. Сонда сіз жайлы тек керемет пікірлер айтылатын болады.
9) 9. Тек үлкендермен ғана емес, өзіңіздің қатарластарыңызбен және жасы кіші адамдармен де сыпайы болыңыз.