Ережесі

ОҚУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

МЕКТЕПІШІЛІК ТӘРТІПТІҢ ТИПТІК ЕРЕЖЕЛЕРІНЕН                                                                      

ОҚУШЫ ЕРЕЖЕСІ

1. Мектепте оқушылар өзара және үлкендер арасында рухани-адамгершілік нормаларын сақтайды. Адал әрі өзінің және өзгенің ар-ождан қағидаларын биік ұстайды.

2.Оқушы мектепке мектеп үлгісімен келуі керек;

  • Мектепте тазалықты сақтау мақсатында барлық оқушылар, екінші жеңіл аяқ киім киіп жүруі керек.
  • Мектепке кіргеннен кейін оқушылар сыртқы киімдерін және аяқ киімдерін шешіп, екінші аяқ киімдерін киеді, шаштарын әдемілеп, киімдерін дұрыстап, класқа кіріп оқу құралдарын дайындап мұғалімді күтіп отырады.
  • Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.
  • Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.
  • Үлкендерге құрметпен қарауға;
  • Көмек керек кезінде кішілерге көмек көрсетуге;
  • Мектеп мүлкін өз мүлкіндей сақтап, күтуге, басқа да адамдар мен қоғамдық меншіктерді көздің қарашығындай сақтауға;
  • Мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің айтқанын бұлжытпай орындауға;
  • Ынталы оқуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және білімді табандылықпен меңгеруге;
  • Сабақтан қалмауға, сабаққа және басқа да іс-шараларға кешікпей, уақытылы келуге;
  • Мектеп ережелерімен талаптарын (мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің, класс жетекшілері мен балалар ұйымының) орындауға; 
  • Мектептің қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысуға;
  • Өзінің мәдени деңгейін әрқашан көтеріп отыруға, өз бойында жақсы эстетикалық талғам мен әдептерді қалыптастыруға;
  • Жаман әдеттерден: темекі шегу, жаман сөз айту, қыдыру, т.б. аулақ болуға, оны болдырмауға;
  • Жеке бас гигиенасын сақтауға, денесін шынықтыруға, мектепте және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтауға;
  • Табиғатқа (өсімдік, жан-жануар, т.б.) нұқсан келтірмей, қамқор болуға;
  • Ұжымда достық қарым-қатынас орнатуға, бірін-бірі құрметтеуге, бір-бірінің абыройы мен намысын қорғауға.

3. Оқушылар мұғалімдерді, өзінен жасы үлкен адамдарды «Сіз» деп атайды.

4. Оқушылар үлкенге жол береді. Жоғары класс оқушылары төменгі класс оқушыларына, ер балалар мен қыз балаларға жол беруі тиіс.

5. Өзара түсініспеушілік жағдай болғанда ешқашан күш қолдануға, лас сөздермен балағаттауға болмайды.

6. Оқушылар:

  • Сабақ кестесіне сәйкес сабаққа қатысуға;
  • Оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде біліктілік дағдылары мен ғылым негіздерінен терең білім алуға;
  • Сабақ уақытында мектептен және мектеп маңынан мұғалімдердің, мектеп әкімшілік мүшелерінің, класс жетекшілерінің рұқсатынсыз кетпеуге;
  • Мектепке және мектеп маңына қару, өртке қауіпті жарылғыш, жанғыш сұйықтық, газ баллонын, темекі, спирттік ішімдіктер заттар әкелуге болмайды;
  • Мектеп маңы мен мектепте шылым шегуге;
  • Смартфон, планшеттерді сабаққа әкелуге болмайды. Ұялы телефонды сабаққа әкеліп жоғалтып алған жағдайда мектеп әкімшілігі жауап бермейді.

       7. Мектеп оқушылары:

  • Дене бөлшектерін (іш, бел, кеудені) жалаңаштауға, бет бояйтын опа-далап қолдануға, ерсі әшекейлерді тағуға, назар аударатын пирсинг жасауға;
  • Сабақтан бос уақыттарын мектеп қабырғасында, яғни кітапханада, білім алуына және болашақ мамандығына қатысты үйірме, факультативтерде өткізуге ұсыныс жасалады;
  • Сабақтан қалуының дәлелді себептері болып мыналар саналады: науқастанғандығы (сабақтан босату туралы дәрігерлердің анықтамасы), әскери комиссариатқа шақырылуы, оқушының сабақта болмауының себебін куәландыратын және түсіндіретін ата-аналардың жазбаша арызы, спорттық және басқа да кластан тыс шараларға қатысқандығы туралы анықтама.
  • Егер оқушы денсаулығына байланысты сабақтан қалса, класс жетекшісіне ескертіп, дәрігерлік анықтама немесе өте қиын жағдайда ата-анадан мәлімдеме қағаз әкеледі. Сабақтан дәлелсіз қалуға, сабаққа кешігуге болмайды.
  • Терезе алдында тұрған заттарға, жәшіктерге (шкафтарға) және басқа заттарға тиюге болмайды;
  • Электр жүйелерін, қосып-айыратын нүктелі жәшіктерді ашуы;
  • Мектеп мүлкінің, басқыш сатының ұшты бұрыштарына отыруы, асылып тұруы, басқаларды итеруі;
  • Басқа оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға;
  • Кешкі уақытта қоғамдық орындарда, көшеде жүруге, өмірі мен денсаулығына қауіпті болғандықтан қатаң тыйым салынады.

    8. Мектепке сабақ басталғанға дейін:

  • Оқушылар мектепте сабақтың басталуына 15 минут қалғанда мектеп үлгісінде таза, ұқыпты киініп келеді.

    9. Сабақ үстінде

  • Класс бөлмесіне мұғалім кіргенде оқушылар орнынан тұрады. Сәлемдескеннен кейін мұғалімнің рұқсатымен орындарына отырады. Сонымен қатар сабақ үстінде класс бөлмесіне кірген жасы үлкен адамға оқушылар орнынан тұрып сәлемдеседі. Мұғалім немесе басқа да жасы үлкен адам класс бөлмесінен шыққанда да оқушылар орнынан тұрады.
  • Сабақ үстінде шулауға, өз бетінше қозғалуға, басқа оқушыларды алаңдатуға, әңгіме айтуға, сабаққа қатысы жоқ басқа іс-әрекеттермен шұғылдануға, ойын ойнауға болмайды.
  • Егер оқушы бір нәрсе айтқысы келсе, жауап бергісі келсе, сұрақ қойғысы келсе қол көтереді. Тек мұғалімнің рұқсатынан кейін ғана орындай алады.
  • Қоңырау мұғалімге сабақтың біткендігін хабарлайтын құрал. Қоңырау сабақ уақытын дәл есептейді.

10. Үзілісте

  • басқыш сатымен және дәлізде, класс бөлмесінде жүгіруге, ойнауға;
  • бір-бірімен алысуға, әр түрлі заттарды лақтыруға, дене күшінқолдануға;
  • айқалауға, лас сөздер айтуға, шулауға, басқа оқушылар мен мұғалімдердің демалуына кедергі болмайды.

11. Асханада оқушылар

  • ыстық және сұйық тағамдарды тұтыну кезінде сақтық пен абайлаушылықты басты назарда ұстайды.
  • Асханада дайындалған және үйден әкелінген барлық тағамдар мен шырындарды тек асханада ғана ішеді;
  • Аспазшылар мен мұғалімдер қойған талаптарға бағынады;
  • Тамақтану кезінде бір-бірімен сөйлеспейді, әңгімелесуге болмайды.

12.Сырт келбетіне  қойылатын талаптар:

12.1.Жинақылық, ұқыптық, мұнтаздай  таза  аяқ  киім, қарапайым жинақы шаш байлау  үлгісі;

12.2. Мектеп әкімшілігі  бекіткен  мектеп формасын  міндетті  түрде  сақтау. спорт залында спорттық  форма  мен  спорттық  аяқ  кию  міндетті. Көрсетілген  талаптарды  орындамаған жағдайда мұғалім, әкімшілік,  класс  жетекші  оқушыны  сырт келбетін  жөнге  келтіру  үшін  үйіне  жіберуге  және  бұл  туралы  ата-аналарға (заңды  тұлғаларға) хабарлауға  құқылы;

12.3.Тыйым салынады:дене  бөліктерін (іш, бел, кеудені) жалаңаштауға, хиджаб  киюге, орамал тағуға, бет бояйтын  опа – далап  қолдануға, ерсі  әшекейлерді  тағуға, назар аударатын  пирсинг  жасауға.

13.Сабақ  үстінде өз-өзін ұстау ережелері:

13.1.Оқушылар оқу  бөлмелеріне  сабақ  басталғанға  дейін  келуге  міндетті.

13.2.Сабаққа  кешігіп  қалған жағдайда  мектеп  оқушылары кешігу себебін сол күні класс жетекшіге  түсіндіру міндетті. 15  минут  артық  кешіккен  жағдайда  кешігу  себебі  директордың  орынбасарының  атына  жазылған  түсініктемеде  немесе  бар  болатын  болса  растайтын  құжатта  көрсетілуі тиіс.

13.3.Оқушылар  сабақ кезінде  тек  оқу жұмысымен  айналысып, сабақ өткізуге  кедергі  жасамай, мұғалімге  және  кластарына  құрметпен  қарауы  керек.

14.Сабақтан бос уақыттарын  мектеп  қабырғасында, яғни кітапханада, білім алуына және болашақ мамандығына қатысты  үйірме, факультативтерде өткізуге ұсыныс  жасалады.

   15.Осы ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін оқушылармен әңгіме жүргізіп және төменде көрсетілген шаралар арқылы шешім қабылдауға мектеп  әкімшілігіне шақыртылады:

  • Ата-анасына хабарлау;
  • Ата-анасын мектепке шақырту;
  • Мектеп психологы және медициналық жұмыскермен әңгімелесуге бағыттау;
  • Кластың, мектептің ата-аналар комитетінің отырысына шақырту;

әкімшілік отырысқа, педагогикалық кеңеске шақырту.

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдары үшін  міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында  міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың 13 тармағында  «Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім беру ұйымында кез келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді  (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б ) және кез келген діни атрибутикаларды киюге тыйым салынған».