Блог директора

Латып Алиби Турсынгалиулы 1978 жылы дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін «Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша аяқтаған. Жалпы қызмет өтілі – 19  жыл, ал педагогикалық қызмет өтілі – 11 жыл. Ол – жоғары біліктілік санатының бірінші категориялы маманы. Мемлекеттік ана тілі мен орыс тілін жоғары дәрежеде меңгерген. Отбасы бар, екі баланың әкесі.

Еңбек жолын Қобда ауданы Жиренқопа орта мектебінде тарих пен география пәні мұғалімі болып бастады. Ол біраз жылдар бойы Батыс-Қазақстан гуманитарлық-заң колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Ақтөбе гуманитарлық колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. «Нұр Отан» ХДП АОФ-та  кеңесші қызметі бойынша жұмыс жасады. Ақтөбе облысы әкімі  аппараты, Ақтөбе облысы Ішкі саясат департаменті, Ақтөбе облысы мәдениет басқармасы, Ақтөбе облысының балалардың құқығын қорғау департаменті және Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімінде мемлекеттік қызмет бойынша еңбек өтілі бар. 2012 жылдың желтоқсан айында «№47 жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын арнаулы мектебіне»  директор болып тағайындалды. 2014 жылдың маусым айында кезекті кадрларды ротациясы негізінде №16 орта мектебіне директор болып ауыстырылды. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап конкурстық негізде «Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ директоры болып тағайындалды