🔰Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінің
Ақмола облысы, Шортанды қаласында өткен «Зерде» ғылыми зерттеу жобалар конкурсының Республикалық кезеңі бойынша, мектебіміздің дарынды оқушылары Құрманғали Даниял, Бақтыбаев Нурали «Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы» мобильді қосымшасын құру» тақырыбында ғылыми жоба қорғады.
📍Әдістемелік кабинет КММ жоспары негізінде ерекше білім беруді қажет ететін мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Әлем балалар көзімен» атты қалалық фотобайқауында «Табиғи құбылыстар» мен «Жануарлар әлемі» бағыттары бойынша мектебіміздің ерекше оқушылары I,III дәрежелі дипломдармен және «Қызықты сурет» номинацияларымен марапатталды.
📚Компьютерлік технологияларды қолдану сапалы жаңа білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге әкеледі, басқару процесін тездетеді және тұтастай алғанда оның тиімділігін арттырады.
📍Гандболдан 9-11 кл қыздары арасындағы Ұлттық Мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңінде мектебіміздің құрама командасы жүлделі 2 орын жеңіп алды.
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің физика-математика факультеті «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының практика базалары мен филиал оқушылары арасында «OCEAN OF KNOWLEDGE» конкурсы өтті.
Мектебіміздің оқушыларынан құралған DARYN.KZ КОМАНДАСЫ жайдарман қалалық ойынына қатысып, жүлделі І орын иеленіп, чемпион атанды. Құттықтаймыз👏🏻👏🏻👏🏻