Тәрбие жұмысы менеджменті
🔹Білім беру процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымы қызметінің барлық бағыттары бойынша мектепішілік бақылауды сапалы жоспарлау мен жүзеге асыру өте маңызды. Осы орайда, 24 қыркүйек күні кафедраның аға оқытушысы, магистр Марал Адилханованың жетекшілігімен Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ «Тәрбие жұмысы менеджменті» біліктілікті арттыру курсы аясында курс тыңдаушыларына «Мектепішілік бақылау тәрбие сапасын басқару құралы ретінде» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ өтті.
🔹Сабақ барысында мектепішілік бақылауды өткізу тәртібі, мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттары, оларды іске асыру тетіктері, диагностика, субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, басқару жүйесіндегі бақылаудың рөлі мен орны т.б. тақырыптар қарастырылды.
🔹Аталмыш мектептің директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Ж.Кенжегалиева тәрбие процесінің, өткізілген іс-шаралардың сапасын бақылау объектісі, түрлері, әдістеріне кеңінен тоқталып, қатысушылармен сындарлы кері байланыс орнады. Сондай-ақ мектеп педагогтері- А.А.Аркабаева, М.К.Өтемісов,М.К.Жаржанова, Б.А.Жалғасова оқушыларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулуда ашық сабақтар пен сыныптан тыс жұмыстар өткізді. Мектеп психологтары Г.С.Омаралиева, К.Б.Еспагамбетова қатысушылармен тренинг жүргізіп, кері байланыс ретінде сұрақтар қойылды. Курс тыңдаушылары мектепішілік бақылау жұмысын сапалы ұйымдастыру арқылы оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру маңыздылығын ерекше атап өтіп, мазмұнды әрі өзекті тақырыпты қамтыған іс-шара үшін ризашылықтарын жеткізді.
🔹«Өрлеу»-Ақтөбе филиалы Ақтөбе қаласы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ педагогикалық ұжымына тиімді ынтымақтастық үшін алғысын білдіреді.