Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы
📍2023 жылдың 16 қазан күні “Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы” төрағасы Ж.Табылғанов әлеуметтік серіктес ретінде мектебімізге келіп, ерікті жастарымен еркін форматта кездесу өткізілді.
Кездесу аясында жастар саясатын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға тоқтала отырып, жастарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетіліп келетіндігін аталып өтті.
📍Кездесуге қатысқан ерікті жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, еркін түрде пікір алмасып, өз ұсыныстарын жеткізді.
📍Кездесу соңында мектептің оқушыларымен естелік суретке түсіп, еріктілер қатарына қосылуға шақырды.
#Ерікті_болу_ерлік!