№4. Хабарландыру
Педагогтерді жұмысқа қабылдау конкурсы
2025-2026 оқу жылының 04-13 тамыз аралығында педагог қызметіне бос орындар:
| № | Бос лауазым атауы | Орын саны | Сағат жүктемесі | Оқу тілі | Тұрақты немесе уақытша орын | Ақы төлеу мөлшері |
| 1 | Бастауыш сынып мұғалімі | 4 | 16 сағат | Орыс тілінде | тұрақты | 240000 тг |
| 2 | Бастауыш сынып мұғалімі | 1 | 16 сағат | қазақ тілінде | уақытша | 240000 тг |
| 3 | Биология пәнінің мұғалімі | 1 | 16 сағат | Орыс тілінде | уақытша | 240000 тг |
| 4 | Химия пәнінің мұғалімі | 1 | 12 сағат | Орыс тілінде | тұрақты | 240000 тг |
| 5 | Физика пәнінің мұғалімі | 1 | 12 сағат | Орыс тілінде | тұрақты | 240000 тг |
| 6 | Педагог-ассистент | 1 | 1 жүктеме | Қазақ тілінде | тұрақты | 240000 тг |
Педагогтерді жұмысқа қабылдау конкурсы
| Педагог қызметіне бос лауазымдарға конкурс 04.08.2025ж бастап 13.08.2025ж дейін жарамды | |
| «Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ» КММ Педагог қызметіне бос орындарға орналасуға ашық конкурс жариялайды. | |
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы) 3-тарау, 1-параграф бойынша конкурс жарияланады. | |
| Мекеме атауы: | Ақтөбе қ., Астана ауданы «Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ» КММ |
| Жұмыс орны: | Пошталық мекенжайы:индекс 030000, Ақтөбе қаласы, Алтын орта мөлтек ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 4а құрылыс Эл.поштасы: 64-mektep@aktgoo.kz web-сайт: http://sh64-aktobe.edu.kz/ әлеуметтік желі: 64mektep_aktobe Телефон номері: 87132749040 |
| Бос лауазымға үміткерлердің құжаттар: | 1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат; 11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; 12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат. 13) 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 114. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады. 115. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады. 118. Кодекске сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі. (Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады) |
| Лауазымға қойылатын талаптар: | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілгенПедагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3- тарау 7-параграф, 64-тармақ барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптарды.(ескеру) |
| Бос жұмыс орын туралы ақпарат, еңбек ақы мөлшері: | Педагог-ассистент -1 орын тұрақты, 130000 теңге; Бастауыш сынып мұғалімі (орыс тілінде)- тұрақты, 4 орын, 16 сағатқа 240000тг; Физика пәнінің мұғалімі (орыс тілінде)-тұрақты, 1 орын, 16 сағат, 240000тг; Биология пәнінің мұғалімі (орыс тілінде)-уақытша, 1 орын, 16 сағат, 240000тг; Химия пәнінің мұғалімі (орыс тілінде)-тұрақты, 1 орын, 12 сағат, 200000тг; Директордың әдістеме жұмысы жөніндегі орынбасары-1 орын, (178000) тг; |