Құқықбұзушылықтың алдын-алу
“Құқықбұзушылықтың алдын-алу”, “Ойын құмарлық және тәуелділік”, “Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не?” «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» туралы 5-7 сынып оқушыларына түсіндірме жұмысы жүргізілді. Кешкі уақытта көшеде жүрмеуін, жолда абай болуын, құқықбұзушылық тақырыптарында мектеп инспекторы түсіндіріп өтті. Негізгі мақсаты: Оқушыларды құқықбұзушылықтың алдын алу жолдарымен таныстыру, жасөспірімдер арасында зорлық — зомбылықтың алдын алу, балалардың бойында шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны дамыту болып табылады.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
#зорлық_зомбылыққа_жол_жоқ
#құқықбұзушылықтыңалдыналу