Педагогтің бос және (немесе)  уақытша бос лауазымына қабылдау туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ.

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ
«Ұ.Құлымбетов ат.№64 ЖББОМ» КММ  
Педагогтің бос және (немесе)  уақытша бос лауазымына қабылдау туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ.

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де педагог бойынша-1 жүктеме уақытша педагог-ассистентке жұмысқа қабылдауға,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына енгізілген өзгеріс ((ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 №259) 3-тарау,1-параграф бойынша конкурс жарияланады.

Мекеме атауы«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

         Білім беру ұйымының орналасқан жері:

         030000, Ақтөбе қаласы,  Алтын орта мөлтек ауданы Тәуелсіздік даңғылы, 4а құрылыс.

Эл.поштасы:           64-mektep@aktgoo.kz

web-сайт: http://sh64-aktobe.edu.kz/ 

Телефон номері:     87132749040;

Негізгі фунционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және уақытша бос лауазымның атауы:

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022ж.№121) бекітілгенПедагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3- тарау 7-параграф, 64-тармақ барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптарды.(ескеру)

Еңбек ақы мөлшері:   Педагог-ассистент -130000 (бір жүз отыз мың) теңге;

Уақытша бос лауазымның атауы: Педагог-ассистент;

Уақытша қабылдау мерзімі: 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10 қазан 18 қазан 2024 жыл.( Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.)

Конкурсқа қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды мектептің қабылдау бөлмесіне электронды немесе қағаз түрінде тапсыруыңыз сұралады.

     1) осы Қағидалардың 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты — 60-65 балл;

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

      155. Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Құжаттарды тапсыратын орын:   Қабылдау бөлмесі. 2-қабат;

Хабарландыру мектептің интернет-ресурсына (сайты) жарияланды:

  www.enbek.kz;  http://sh64-aktobe.edu.kz/ 

Мектеп  әкімшілігі