Оқитұғын өлкеде бар болашақ

2020 жылдың 19 ақпан  күні сағат 11.00 – де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы біздің мектебімізге келіп                                       «Оқитұғын өлкенің тұрғынымыз» атты әдеби сағатын өткізді.

Мақсаты: Өлкемізден шыққан ақын – жазушылардыңмөнегелі өмірін көпшілікке таныстыру. Өлкелік ақындардың туындыларын кеңінен насихаттау.Оқушылардың оқу мәдениетін дамыту, өлеңдерін мәнерлеп айтқызу.

Нұрпейіс Байғанин мен Мейірхан Ақдәулетұлының өмір жолдары слайд арқылы көрсетілді. 9 «ә» класс оқушылары ақындардың өлеңдерін оқыды. Ойын ойнатылып, сұрақтарға жауап берілді. 9 «а» класс оқушылары Қиятова Дильназ күй тартса, Мұхамеджан домбырамен өлең шырқады. Оқушылар керемет әсерде болды. Әдеби сағат қызықты өтті.

«Оқитұғын өлкеде бар болашақ» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.